Бір күн бұрын төмендеген доллар 30 шілдедегі саудада көтерілді

Қазақстан қор биржасы (KASE) 30 шілде күні сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша сауда-саттықты жапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,75 теңгеге көтеріліп, 475,37 теңгені құрады.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да 65,44 теңгеге (+0,26) дейін көтерілді.
Ақша айырбастау орындарында доллар 473,7-475,7 теңгеге, еуро 512,5-516,5 теңгеге, ресей рублі 5,39-5,49 теңгеге сатылуда.
Бұл ретте 30 шілдедегі аукционда мұнайдың әлемдік бағасы көтерілуде.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қазан айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,11%-ға өсіп, барреліне $79,14 құрады.
NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының қыркүйектегі фьючерстері 0,15%-ға өсіп, барреліне 75,92 долларды құрады.
Ұлттық банк бұған дейін доллар бағамын 473,29 теңге, еуроны 512,81 теңге, рубльді 5,47 теңге деп белгілеген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript