Жаңалықтар тізбегі
0

Желідегі видео: Елордада адамдардың мектеп маңын неге торуылдап жүргені белгілі болды

Жайлы мектеп, Астана, жасыл квартал, №101 мектеп, құжат қабылдау, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2024 20:37 Сурет: pixabay
9 шілдеде әлеуметтік желіде Астанада жасыл кварталда орналасқан жаңа мектептің ауласына жиналған бір топ ата-ананың видеосы пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода ата-аналар қатты айқайлап, есікті ашуды талап етуде.

"Жасыл кварталда орналасқан елордалық жайлы мектепке құжат қабылдау осылай өтіп жатыр, адамдар бірнеше сағат бойы кезекте тұруға мәжбүр. Құжаттарды онлайн қабылдау деген атымен жоқ, ата-аналар айқайлап, есікті ашуды талап етуде", - деп жазады автор.


Аталған оқиғаға қатысты елорданың білім басқармасы түсініктеме берді.

"9 шілдеден бастап "Жайлы мектеп" жобасы аясында салынған Төле би көшесіндегі (Жасыл квартал) №101 орта мектепке құжаттар қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдау тек қағаз түрінде жүргізілгендіктен, әрине кезек пайда болды. Egov электрондық жүйесінде мектепке тіркеуде құжаттарды қабылдау тек 1-сыныптар үшін қарастырылған. Баланы бір ұйымнан екінші ұйымға ауыстыру бойынша мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған", делінген хабарламада.

Басқармадағылар қазір құжаттарды қабылдайтын адамдардың санын екі есеге арттырғандарын, сондай-ақ 11 шілдеден бастап жұмыс істей бастайтын SmartNotio құжаттарды қабылдаушы автоматтандырылған порталды іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымдарына оқуға түсуге электронды түрде өтініш беру нұсқаулығымен мына сілтеме бойынша танысуға болады".

Сонымен қатар, құжаттарды электронды қабылдау сегіз жаңа жайлы мектепте жүргізіледі:

  • № 104 ОМ, Орынбор к-сі және № 37 (SOHO ТК ауданы);
  • № 103 ОМ, Мәңгілік ел даңғылы және Е 497 көшесі (Мешіт ауданы);
  • № 99 ОМ, Қабанбай батыр және Сығанақ көшелері ("Поколение" ТК) ;
  • № 101 ОМ, Төле би және Е758 көшелері (Жасыл квартал);
  • № 111 ОМ, Төле би - 24 көшесі (Барыс Арена, солтүстік);
  • № 106 ОМ, С-189 және 12-207 көшелері (Земляничная көшесі);
  • № 105 Ом, Көктал тұрғын үй масиві, Ұлытау – Наурыз көшелері аумағы;
  • № 102 ОМ, А. Байтұрсынұлы көшесіндегі мектеп, № 9 үй аумағы (Highvill ТК).
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: