Тоқаев қоры жалған брокерлерге алданып қалғандарға 72 сағаттың ішінде 500 мың теңгеден "үлестіруде"
Мұнымен қоса, "Мамандар" 72 сағат ішінде алдын ала төлемсіз 500 мың теңгеден қайтаруға дайын.
Stopfake.kz сарапшылары, аталмыш ақпараттың жалған екенін айтып, сенбеуге шақыруда.
"Бұл хабарламаға сенбеген жөн, оны Интернет-қылмыскерлер жасаған",- делінген басылымда.
Сурет: Stopfake.kz
Жарнамада "Қазақстан халқына" қоры аталған. Бұл мемлекет басшысының тапсырмасымен 2022 жылдың қаңтарында құрылған ұйым. Алайда қор денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау саласындағы проблемаларды шешумен айналысады. Ол алаяқтардан зардап шеккендерге көмектеспейді, оның алдына мұндай міндет қойылмаған.
Алаяқтардан зардап шеккен қазақстандықтарға ақшаны қайтаратын жаңа бағдарлама туралы ақпарат ҚР Президентінің ресми порталында жоқ.
"Алаяқтар Қордың логотипі мен құрылымын қолдана отырып, ұқсас сайт жасаған. Бірақ мұқият қарасақ, порталдың жалған екендігін байқаймыз. Мұны домендік атауынан, мәтіндегі қателерден түсінуге болады. Сонымен қатар, портал тегін Tilda сайт құрастырушысының көмегімен әзірленген. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын жоғары білікті мамандар дайындайды. Олар бұл үшін тегін бағдарламаларды пайдаланбайды. Ресми парақшаларды жасағанда ең алдымен қауіпсіздікке баса назар аударылады, қарапайым сайт құрастырушысы мұны қамтамасыз ете алмайды",-дейді Stopfake.kz сарапшылары.
Қорытындылай келе қазақстандықтарға үндеу жасалды.
"Жеке деректеріңізді қалдырмас бұрын барлық ақпаратты мұқият оқып шығыңыз және талдаңыз. Жалған сайттар алдап, ақшаңызды иемдену мақсатында жасалады". Stopfake.kz
Сондай-ақ, Қазнетте "ҚазМұнайГаз" қазақстандықтарға 208 мың теңге көлімінде өтемақы төлей бастағаны туралы жалған ақпарат тарауда.