Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары азаматтардың құқықтарын қорғады

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары азаматтардың құқықтарын қорғады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2024 16:11 Сурет: pixabay
Денсаулық сақтау саласындағы талдау қатерлі ісікке шалдыққан азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің өрескел бұзылуын анықтады.

Медициналық ұйымдар Әлеуметтік кодекстің талаптарына қайшы, мүгедектікті анықтау үшін осы санаттағы 100-ден астам азаматты медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермеген.

Қадағалау органының актісі бойынша азаматтарға мүгедектік белгіленді, бұл оларға әлеуметтік қолдаудың барлық құқықтарын пайдалануға және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндік берді.

Бұзушылықтар үшін 2 лауазымды тұлға заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.

Азаматтардың құқықтарын сақтау мәселесі прокуратураның бақылауында. Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: