СҚО прокурорлары жұмысшылардың құқықтарын қорғады
Осылайша, Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығының лауазымды тұлғалары Еңбек кодексінің 115-бабының талаптарына қайшы, ынталандыру ақыларын төлеу үшін 20 қызметкерден 2 миллион теңге көлемінде жалақыны ұстап қалған.
Дәл осындай жұмысшылардың құқықтарының бұзылуы Олимпиадалық резервтегі дайындық орталығында, М.Жұмабаев ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде және облыстық әкімдіктің денсаулық сақтау басқармасында анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, заңсыз ұсталған сомалар қайтарылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 23 жұмысшының құқығын қорғауға мүмкіндік берілді.
Жалпы, биылғы жылдың басынан бері қадағалау органы 2462 қызметкердің конституциялық құқықтарын қорғады. Еңбек заңнамасын сақтау мәселесі облыс прокуратурасының ерекше бақылауында.