Павлодар облысында түн тыныштығын бұзған төрт мыңға жуық тұрғын жазаланды

Учаскелік инспекторлар құқықтық тәртіпті бұзған жағдайда қажетті шараларды қолдана отырып, жедел шешуге тырысады, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, үй тұрғындары ортақ чат арқылы учаскелік инспектордан сағат 03.57-де жүргізушіні тыныштандыруды сұраған. Ол Н. Назарбаев даңғылы, 8/2 мекенжайындағы үйдің ауласында көлікте музыканы қатты қосып, азаматтардың тыныштығын бұзған.
"Құқық бұзушыға қатысты тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалып, бес АЕК айыппұл салынды", - деді Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы Руфат Кенжин.
Дәл осы күні Жамбыл көшесіндегі үйдің тұрғындары да осындай шағымдармен жүгінген, сағат 01:20-да аулада белгісіз шу естілген. Сағат 01:10-да Сәтбаев көшесі, 245 және Назарбаев даңғылы, 32 мекенжайларында балалар алаңында дауыстап сөйлесіп, ән шырқаған. Барлық құқық бұзушы жазаланды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript