Маңғыстау облысында күйеуі пышақтаған әйел жүктіліктің оныншы аптасында болған
Сурет: pixabay
Маңғыстау облысындағы ауылда өз күйеуі пышақтап тастаған әйелге қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Дәрігерлердің айтуынша, ол жүкті болған, жағдайы ауыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әйелдің сол жақ іш қабырғасы мен кеуде қуысы қатты жарақаттанған. Облыстық аурухана дәрігерлері шұғыл ота жасады, деп жазды mangystaumedia.kz.
Облыстық аурухананың баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдің ішкі қабырғасы қатты зақымдалған. Өкпе тіндері, диафрагмасы мен бауырына зиян келген.
"Сонымен қатар науқастың аяқ-қолы бірнеше жерден пышақ жарақатын алған. Әйел жүктіліктің 10-аптасында болған. Операциядан кейінгі әйелдің жағдайы тұрақты ауыр. Ақыл-есі сау, біркелкі. Гемодинамикасы тұрақты. Қазір жансақтау бөлімінде тұрақты ем алып жатыр", - дейді аурухананың баспасөз қызметі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript