Жаңалықтар тізбегі
0

Астана тұрғыны бұрынғы енесінің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен

Астана тұрғыны бұрынғы енесінің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2024 17:19 Сурет: polisia.kz
22 жастағы бойжеткен бұрынғы енесінің үйінен құны 1 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымдарды алып кеткен. Ұрының олжасы алқа, жүзік, екі жұп сырға, екі ер жүзігі болған, деп хабарлайды Zakon.kz poilisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға хабарласқан егде әйелдің айтуынша, бұрынғы келіні ұлымен ажырасқан соң әкесімен қалған балаларға қонаққа келген. Ол үйге әр барған сайын ломбардқа тапсыратын алтын бұйымдарын алып шығуға мүмкіндік алған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Нұра ауданының полицейлері ұрлық жасаған келіншекті анықтаған. Ол кінәсін мойындап, заттай айғақтар алынып, иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: