Жаңалықтар тізбегі
0

Қанша қазақстандық талапкер грант конкурсына құжат тапсырды

Қанша қазақстандық талапкер грант конкурсына құжат тапсырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2024 15:30 Сурет: freepik
Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігінде гранттар конкурсына қатысуға құжаттар тапсырған талапкерлер бойынша аралық статистика ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 12 шілдесінде Қазақстанда бірыңғай ұлттық тестілеу (ҰБТ) аяқталды, ал 13 шілдеде білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау науқаны басталды, ол 24 шілдеге дейін жалғасады. Алдын ала ақпарат бойынша, 139 мың талапкер ҰБТ-да шекті балл жинады және Грант беру конкурсына қатыса алады.


"Қазіргі таңда (сағ. 09.00) 41 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдіріп, өтініштерін жіберді. Құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы офлайн форматта тапсыруға болады, сонымен қатар виртуалды қабылдау комиссиялары да жұмыс істеуде". ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді.

Сондай-ақ, ғылым министрлігі талапкерлердің назарын елімізде 19 шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестікте білім беру бағдарламалары іске асырылып жатқанына аударды:

  • Ақтөбеде Хериот Уатт университетінің филиалында Қазақстанның 9 өңірінен жастар оқиды. Биылғы жылы шетелден алғашқы студенттер келуде.
  • Солтүстік Қазақстанда Аризона университетінің филиалында Қазақстанның 18 өңірінен жастар білім алуда.
  • Атырау облысында Губкин атындағы университеті, Алматы қаласында МИФИ университінің филиалдары табысты жұмыс істеп келеді. Бұл филиалдар 3-ші жыл қатарынан қабылдауды жүзеге асырып келеді.
  • Ақтауда Есенов университетінде неміс университеттерінің консорциумы арқылы Тұрақты инжиниринг институты құрылды.
  • Шығыс Қазақстанда Быдгощ қаласының Экономика университетінің (Польша) филиалы.
  • Қызылордада Сеултех университетімен бірлесіп Жасанды интеллект жоғары мектебі ашылды.
  • Сәтбаев университетінде Гонконг СіtyU университетінің қос диплом бағдарламасымен серіктестікті бастады.
  • Жақында ғана Қытай және Қазақстанның президенттері ашқан Бейжің тіл және мәдениет университеті қызметін бастады.
  • Абай университетінің базасында Лотарингия университетінің (Франция), Дулати университетінің базасында Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында - Ташкент ауыл шаруашылығын ирригациялау және механикаландыру инженерлері институтының (Өзбекстан) филиалдары жұмыстарын бастады.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: