Алматының Алатау ауданында Қожабеков көшесі бойымен қозғалыс шектеледі
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының Алатау ауданында Қожабеков көшесі бойымен екі бағыттағы көлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алатау ауданы әкімдігінің ақпараты бойынша, сумен жабдықтау және су бұрудың инженерлік тарату желілерін салу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге байланысты Қожабеков көшесі бойымен қала шекарасынан Ф. Оңғарсынова көшесіне дейінгі 900 метр қашықтықтағы жол учаскесі 2024 жылы 17 шілдеден 17 тамызға дейін жабылады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі мақсатында уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту жолын алдын ала ойластыруды сұраймыз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript