Елордада ер адам алаяқтық жолмен танысының ақшасын иемденген

Полиция заң бұзған адамды ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2024 14:37 Сурет: ҚР ІІМ
Елордада ер адам алаяқтық жолмен танысының ақшасын иемденіп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға 35 жастағы елорда тұрғыны танысының ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін айтып арызданған.

Жәбірленушінің айтуынша, танысы оған 1 миллион теңге төлеу шартымен ірі көлемде несие алуға көмектесемін деп уәде еткен.

Алайда оның танысы ақшаны алғаннан кейін байланысын тоқтатып, хабарласпай кеткен.

Алматы аудандық полиция басқармасының полицейлері күдікті ретінде 30 жастағы ер адамды анықтаған. Ол алған ақшаны өз қалауы бойынша пайдаланғанын мойындаған.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды және бейтаныс адамдарға ақша аудармауды ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: