Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада ер адам танысының ақшасын онлайн казиноға салып жіберген

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2024 11:43 Сурет: ҚР ІІМ
Полицияға 59 жастағы жергілікті тұрғын арыз беріп, танысының алаяқтық жолмен 4 миллион теңгеден астам қаржысын жымқырғанын айтқан.

Жәбірленушінің айтуынша, ол бейтаныс ер адаммен танысып, екеуі алкогольдік ішімдік ішіп отырған кезде ол алдап, телефонын алып кеткен.

Содан кейін күдікті онлайн казино есепшотына жәбірленушінің депозитінен 2,3 млн теңгеге жуық ақша аударып жіберген.

Бұған қоса, ол тағы да бірнеше күннің ішінде қаражатты иемденіп, банктің мобильді қосымшасын пайдалана отырып, тауарлық несие рәсімдеп, жалпы сомасы 2 миллион теңгеге жуық залал келтірген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық полиция қызметкерлері ақша жымқырумен айналысты деген күдікпен 33 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын анықтаған.

Қылмысты жасағанын мойындаған ер адамның бұрын елордада жасалған басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: