17 шілдедегі саудада доллар өсімін жалғастырды

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2024 15:56 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 17 шілдеде сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша сауда-саттықты жапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,14 теңгеге көтеріліп, 474,83 теңге болды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 65,17 теңгеге дейін өсті (+0,03).

Ақша айырбастау орындарында доллар 474,1-475,9 теңгеге, еуро 517-521 теңгеге, ресей рублі 5,27-5,39 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте 17 шілдедегі аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қыркүйек айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,36%-ға өсіп, барреліне $84,03 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстерінің қыркүйек айындағы бағасы 0,44%-ға қымбаттап, барреліне 80,06 долларды құрады.

Бұған дейін Ұлттық банк доллар бағамын 474,62 теңге, еуроны 517,19 теңге, рубльді 5,39 теңге деп белгілеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: