Астанада Қарқаралы тас жолындағы учаске бес күнге ішінара жабылады

Жол жөндеу жұмыстары, Астана, Қарқаралы тас жолы, ішінара жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2024 18:58 Сурет: Zakon.kz
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Жұлдыз айналымынан бастап "Garden Village" коттедж кентінің бұрылысына дейінгі учаскеде Қарқаралы тас жолы бойынша жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, осыған байланысты, 17-21 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады.

Бұл ретте қозғалыс екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілетін болады.

Астана тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлап алу сұралады.

Сурет: Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: