Астананың оң жағалауында маусымның соңына дейін тағы бір жол жабылады

Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2024 21:48 Сурет: primeminister.kz
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Р.Қошқарбаев даңғылынан Қ.Сәтбаев көшесіне дейінгі учаскедегі Б.Момышұлы даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соған байланысты осы жылдың 8 маусымы күні сағат 20:00-ден бастап, 30 маусымға дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады.Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша бір бағытта жүзеге асырылады.

Жұмыстарды кезең-кезеңмен жүргізу жоспарлануда: 1 кезең - Р.Қошқарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін. 2 кезең – Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Сәтпаев көшесіне дейін.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: