Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда онкологиялық науқастар дәрі-дәрмексіз қалмайды деп уәде берді
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, дәрі-дәрмектерді жеткізудегі кез-келген үзілістерді болдырмау үшін ведомство дәрі-дәрмектерді уақтылы беру тетігін анықтады.
"Ешбір пациент қажетті емсіз қалмайды." ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Облыстық денсаулық сақтау басқармалары мен онкологиялық орталықтар жағдайға мониторинг жүргізеді.
Пациенттерге ыңғайлы болу және қажетті ақпаратты алу үшін 8 (7172) 570 950 нөмірі бар Call-орталық жұмыс істейді, оған қоңырау шалып, онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселелері бойынша өтініштер қалдыруға, оның ішінде емдеуден және көмектен бас тарту жағдайлары туралы хабарлауға болады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 16 шілдеде "Қазақстан халқы" қоғамдық қоры онкологиялық науқастарға дәрі-дәрмек сатып алу мәселесін көтерген болатын. Қор медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында сатып алуға енгізілген онкологиялық препараттардың 6 түрінің қоры ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін жеткілікті болатынын мәлімдеді.