Астанада мопед жүргізушісі полицейлерден қашпақ болды

Астанада мопед жүргізушісі полицейлерден қашпақ болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2024 18:42 Сурет: видео скрині
Патрульдік полиция экипажы Керей-Жәнібек хандар көшесінде құжаттарды тексеру үшін екі мопед жүргізушісін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кейін топқа тағы бір жігіт қосылып, өзін мопедтердің иесі ретінде таныстырған. Сақшылар құжаттары жоқ екенін анықтағаннан кейін, мопедтерді коммуналдық тұраққа қойып, жауапкершілікке тартпақ болған.

Алайда олардың бірі жауапкершіліктен жалтаруға тырысып, қаша жөнелген.


Мамандандырылған батальон қызметкерлері қашқынды ұстап, құқық бұзушыларды полиция бөлімшесіне жеткізді. Олар полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін жауапқа тартылып, мопедтер коммуналдық тұраққа қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: