Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2024 09:01 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен мысырлықтарды осы елдің ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.
"Қазақстан мен Мысыр арасындағы ортақ рухани құндылықтар мен жан-жақты өзара ынтымақтастыққа негізделген дәстүрлі қатынастардың өрісі кеңейгенін зор ризашылықпен атап өтемін. Халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтардағы серіктестігіміз болашақта да өзінің жалғасын тауып, қарқынды дами беретініне кәміл сенемін", – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сисидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас мысыр халқына құт-береке тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: