Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мысырдағы Революция күні – жыл сайын 23 шілдеде атап өтілетін елдің басты ұлттық мерекесі. Бұл күн 1952 жылғы Шілде революциясының жылдығына арналған. Аталған революция Ұлыбританияның отарлық ықпалы мен елдегі монархиялық биліктің аяқталуына жол ашты.  Еске салайық, 2026 жылғы 21 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Королі Филиппке Ұлттық мерекесі – Ұлттық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдаған болатын., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2026 12:30 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Араб Республикасының президенті Абдель Фаттах әс-Сисиді және Мысыр халқын ұлттық мереке – Революция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Президент құттықтау жеделхатында достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынастың алдағы уақытта да екі ел халықтарының игілігі жолында нығая түсетініне сенім білдірді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Абдель Фаттах әс-Сисиге жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал Мысыр халқына бақ-береке мен өсіп-өркендеу тіледі.

Мысырдағы Революция күні – жыл сайын 23 шілдеде атап өтілетін елдің басты ұлттық мерекесі. Бұл күн 1952 жылғы Шілде революциясының жылдығына арналған. Аталған революция Ұлыбританияның отарлық ықпалы мен елдегі монархиялық биліктің аяқталуына жол ашты.

Еске салайық, 2026 жылғы 21 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Королі Филиппке Ұлттық мерекесі – Ұлттық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: