23 шілдеде өткен саудада доллар біршама арзандады

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2024 15:44 Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасы (KASE) 23 шілдеде сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша сауда-саттықты жапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,54 теңгеге төмендеп, 472,62 теңгені құрады.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 64,73 теңгеге дейін төмендеді (-0,12).

Ақша айырбастау орындарында доллар 472,9-474,9 теңгеге, еуро 514-518 теңгеге, ресей рублі 5,29-5,39 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте 23 шілдедегі аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қыркүйек айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,33%-ға өсіп, барреліне $82,67 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстерінің қыркүйек айындағы бағасы 0,28%-ға қымбаттап, барреліне 78,62 долларды құрады.

Ұлттық банк бұған дейін доллар бағамын 473,13 теңге, еуроны 515,12 теңге, рубльді 5,4 теңге деп белгілеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: