Биылғы 6 айда мопедтердің қатысуымен 542 жол апаты тіркелді

Биылғы 6 айда мопедтердің қатысуымен 542 жол апаты тіркелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2024 18:17 Сурет: Zakon.kz
Биылғы 6 айда мопедтердің қатысуымен 542 жол апаты тіркелді. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайсар Сұлтанбаевтың cөзінше, мопедтер, мокиктер және скутерлердің есебі жүргізілмейді, бұзушылықтар үшін жауапкершілік мардымсыз.


"2024 жылғы алты айында мопедтердің қатысуымен 542 жол апаты тіркелді, 27 адам қаза тапты, 577 адам жарақат алды. Биыл мопед жүргізушілерінің қатысуымен 31 мыңнан астам жуық құқық бұзушылық анықталды. Оларды міндетті мемлекеттік тіркеуге алуды және А1 санатындағы жүргізуші куәлігін беруді енгізу ұсынылды. Мокиктер мен скутерлер жүрісін заңнамалық реттеу және оларды тіркеу жөніндегі ұсыныстар Парламент Сенатында қаралып жатыр", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: