Жаңалықтар тізбегі
0

Астрахан облысынан Алтын Орда хандарының қорымы табылды

Астрахан облысынан Алтын Орда хандарының қорымы табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2024 13:33 Сурет: Zakon.kz
Астрахан облысындағы Лапас ауылының жанында Алтын Орда хандарының қорымы табылды.

Татарстан ғалымдары 20 жылдан бері Еділдің төменгі ағысында қазба жұмыстарын жүргізіп келеді.

Зерттеу нысаны Астраханнан солтүстікке қарай 100 шақырым жерде орналасқан, деп жазады qazaqstan.tv.

Ескерткіш-қорым Ақ Сарай қалашығы деп аталатын ортағасырлық қираған ғимараттардың қалдықтарынан тұрады. Мұнда шамамен жиырмаға жуық кесене бар.

Лапастың төрт ірі кесенесінде Берке, Өзбек, Жәнібек, Бердібек хандар жерленуі мүмкін.

"Соңғы екі-үш жылдағы археологиялық зерттеулер әлемдік маңызы бар объектінің ауқымын түсінуге мүмкіндік берді. Бұл кешеннің Алтын Орда хандарына тікелей байланысы барын анықтадық. Кешен XIV ғасырдың жиырмасыншы жылдары Өзбек хан тұсында салынған. Бұл кешен Жошы ұлысы хандарының жерленген жерлерінің үстіне қойылуы да мүмкін. Бұл нысандарды сақтап, мұражай құру да маңызды.Лапаста археологиялық жұмыстар басталғанға дейін бұл не ескерткіш-қорым екенін ешкім анықтаған жоқ." Айрат Ситдиков, Татарстан ғылым академиясы А.Х.Халиков атындағы археология институтының директоры
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: