"Аптап ыстық, жаңбыр, найзағай". Еліміз бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Астана
Астанада 28 шілдеде аспан бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: +13...+15°C күндіз: +22...+24°C.
29 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°C, күндіз: +24...+26°C.
30 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°C, күндіз: +26...+28°C.
Алматы
Алматыда 28 шілдеде аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз болады деп болжанады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +24...+26°C, күндіз: +36...+38°C.
29 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +23...+25°C , күндіз: +35...+37°C.
30 шілде: аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні 15 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: +23...+25°C, күндіз: +35...+37°C
Шымкент
Шымкентте 28-30 шілдеде аспан бұлтты болғанымен, күн райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: +20...+22°C, күндіз: +35...+37°C
Сонымен қатар, синопниктердің айтуынша, 28 шілдеде Қонаев қаласында аптап ыстық болады деп болжайды: +41 °C, аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, ауа температурасы түнде: +24...+26°C.
Петропавлда аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Ауа температурасы күндіз: +19...+21°C, түнде: +14...+16°C.
Қостанайда аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Ауа температурасы күндіз: +21...+23°C, түнде: +10...+12°C.
Көкшетауда аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, екпінді жел болады. Ауа температурасы күндіз: +20...+22°C, түнде: +13...+15°C.
Павлодарда аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Ауа температурасы күндіз: +29...+31°C, түнде: +19...+21°C.
Қарағандыда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз: +26...+28°C, түнде: +17...+19°C.
Өскеменде аспан бұлтты, күннің екінші жартысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз екпінді жел болады деп болжанады. Ауа температурасы күндіз: +33...+35°C, түнде: +18...+20°C.
Семейде аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, екпінді жел болады. Ауа температурасы күндіз: +29...+31°C, түнде: +21...+23°C.
Оралда аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы күндіз: +26...+28°C, түнде: +12...+14°C.
Атырауда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз: +29...+31°C, түнде: +16...+18°C.
Ақтөбеде аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, күндіз жел соғады. Ауа температурасы күндіз: +24...+26°C, түнде: +11...+13°C.
Ақтауда аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы күндіз: +27...+29°C, түнде: +17...+19°C.
Таразда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз: +35...+37°C, түнде: +21...+23°C.
Түркістанда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз: +38...+40°C, түнде: +21...+23°C.
Қызылордада күн райы жауын-шашынсыз, аздап бұлт шығады. Ауа температурасы күндіз: +32...+34°C, түнде: +20...+22°C.
Айта кетсек, 27 шілдеде Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған.