Жаңалықтар тізбегі
0

"Жаңбыр, найзағай, жел". Еліміз бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

ауа райы болжамы, Астана, Алматы, Шымкент, 14-16 сәуір, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2024 12:37 Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК мамандары 14-16 сәуір аралығында Қазақстанның үш мегаполисі: Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

14 сәуір: аспан бұлтты, аракідік жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы - 9-14 м/с, екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +6...+8°C, күндіз: +14...+ 16°C.

15 сәуір: аспан бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Желдің жылдамдығы - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...-2°C, күндіз: +8...+10°C.

16 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде соққан желдің жылдамдығы - 5-10 м/с, күндіз - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +1...+3°C, күндіз: +13...+15°C.

Алматы

14 сәуір: аспан бұлтты, аракідік жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы - 1 м/с. Ауа температурасы түнде: +7...+ 9°C, күндіз: +18...+20°C.

15 сәуір: аспан бұлтты, аракідік жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +8...+10°C, күндіз: +18...+20°C.

16 сәуір: аспан бұлтты, жаңбыр жауып, аракідік найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Желдің жылдамдығы - 3-8 м/с, кей тұста - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°C, күндіз: +13...+15°C.

Шымкент

14 сәуір: аспан бұлтты, аракідік жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел тұрады. Желдің жылдамдығы - 1 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°C, күндіз: +21...+23°C.

15 сәуір: аспан бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы - 8-13 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +9...+11°C, күндіз: +19...+21°C.

16 сәуір: аспан бұлтты, аракідік жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы - 8-13 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°C, күндіз: +20...+22°C.

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 14 сәуірге арналған дауылды ескерту жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: