Аялдамада жолаушының сөмкесінен әмиян ұрлаған семейлік ұсталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2024 14:40 Сурет: Zakon.kz
Абай облысында аялдамадағы жолаушының сөмкесінен әмиян ұрлаған семейлік ұсталды.

Семей қаласындағы аялдамалардың бірінде 53 жастағы күдікті облыс тұрғынының сөмкесінен әмиян ұрлап кеткен.

Әйелдің әмиянында 31 мың теңге болған. Қаскүнемді жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері анықтады.

Ұрланған сөмке иесіне қайтарылды. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме бұлтартпау шарасы таңдалды. Абай облысы полиция департаменті азаматтарды қоғамдық орындарда қырағы болуға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: