Құдайберген Арымбек ҚР Энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Құдайберген Арымбек Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі болып тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2024 14:03 Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арымбек Құдайберген Беріқұл энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құдайберген Арымбек 1987 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген.

Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы болып бастаған.

2012-2014 жж – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің сарапшысы, бас сарапшысы.

2014-2021 жж Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде бас сарапшы, басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі департаментінің директоры.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: