Жаңалықтар тізбегі
0

Талғат Ластаев ҚР Көлік вице-министрі болып тағайындалды

Талғат Ластаев, ҚР Көлік вице-министрі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 18:43 Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Талғат Тілеубекұлы Ластаев Көлік вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Zakon.kz-ға Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Талғат Ластаев 1980 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын, Ұлттық авиация университетін (Украина), Дьюк университетінің мемлекеттік саясатының Сэнфорд мектебін (Солтүстік Каролина, АҚШ) бітірген. 

Еңбек жолын 1999 жылы банк саласында бастаған.

Әр жылдары өндірістік кәсіпорындарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2008 жылы - Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдарын дамыту басқармасы бастығының міндетін атқарушы, бастығы.

2008-2009 жылдары - ҚР ККМ Сапаны бақылау басқармасының бастығы.

2009-2014 жылдары - ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары.

2014-2019 жылдары - ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары.

2019 жылдан 2023 жылға дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы болды.

2023 жылдың қазан айында ҚР Көлік вице-министрі болып тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: