Назым Қызайбай: Келесі кезеңде коллумбиялық қарсыластан есе қайтаруға тырысамын
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай 50 келі салмақта Париж Олимпиадасының ширек финалына өтті. Спортшы келесі қарсыласқа тыңғылықты дайындалатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.
"Олимпиадада ешбір қарсылас оңай болмайды. Бүгінгі бразилиялық спортшы да мықтылар қатарынан. Қуанышқа қарай, жекпе-жекте жеңіске жеттім.
Десе де, еш босаңсуға болмайды. Келесі қарсыласым – колумбиялық Валенсия Виктория Ингрит Лорена. Әлем чемпионатында оған есе жіберген едім. Енді тыңғылықты дайындалып, есе қайтару керек", - деді Қызайбай.
Айта кетелік, 1/8 финалда Назым бразилиялық Каролин де Алмейданы жеңді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript