Жаңалықтар тізбегі
0

Этноауыл, шығыс базары, киіз үйлер: Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қандай қызықтар болады

Этноауыл, шығыс базары, киіз үйлер және рекордты құрақ көрпе: Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қандай қызықтар болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2024 11:11 Сурет: gov.kz
Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін үниежүзілік көшпенділер ойындары мәдениет пен дәстүрдің нағыз іс-шарасы болмақ. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бағдарламасы аясында театрлар шеруі, Қазақстан Суретшілер Одағының жұмыстарының көрмесін өткізу жоспарланып отыр.

Елорда әкімдігінің ресми сайты берген ақпаратқа сай, этношатырда сән көрсетілімдері ұйымдастырылады.

Күн сайын таңертеңнен кешке дейін басты сахнада концерттік бағдарламалар өтеді, оның соңы кешкі гала-концерттер болмақ.

Этнофольклорлық ансамбльдер, Қазақ ұлттық оркестрлері, солистер мен би ұжымдары дәстүрлі этникалық стильде өнер көрсетеді. Этноауылда туристер мен қонақтар дәстүрлі және ұлттық тағамдардан дәм татуға болатын Қазақ ұлттық тағамдарының мейрамханалары ұсынылады.

Этноауыл шамамен 10 га жерге орналасады және бірнеше орынға бөлінеді: Орталық алаң, ұлттық ойындарға арналған балалар ойын алаңы, халық музыкасына арналған шатыр, ашық аспан астындағы көшпелі өркениеттер мұражайы, спорттық іс-шаралар, ұлттық тағамдар, басты сахна, аймақтардың этно-қоныстары, қолөнершілер және шығыс базары бар арнайы қала.

Сондай-ақ, этноауыл аумағында көптеген кәдесыйлар табуға болатын нағыз шығыс базары ұйымдастырылады. Еліміздің екі жүзден астам қолөнершілері өз өнімдерін ұсынады.

Оның ішінде қолөнершілер ұлттық бұйымдарды жасау тәсілдерін көрсетеді. Сол сияқты зергерлік бұйымдар, былғары өңдеу, керамикалық мүсін бойынша шеберлік сыныптарын көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйекте Астанада өтеді. Іс-шараға әлемнің 89 елінен 2000-ға жуық қатысушы қатысады деп күтіліп отыр.

Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы ойналады.

Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: