Ақмола облысында заңсыз жұмыс істеген мигранттар анықталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2024 15:51 Сурет: Zakon.kz
31 шілде мен 2 тамыз аралығында Ақмола облысында көші-қон заңнамасын бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Көші-қон қызметі қызметкерлерінен басқа, ЖПІШ-ге учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылған. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында базарларда, құрылыс объектілерінде, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында тексерулер жүзеге асырылады.

Соның нәтижесінде ЖШС-нің бірінде Ерейментау ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері жұмысқа орналасуға рұқсаты жоқ 5 шетелдік азаматты анықтады.

Жұмысқа рұқсатты бұзушылардың айтуынша, олар кейінірек рәсімдемек болған. Қазіргі уақытта жиналған материалдар әкімшілік сотқа берілді. Құқық бұзушыларға айыппұл салынады.

Сондай-ақ шетелдіктерді тиісті рұқсатсыз еңбек қызметіне заңсыз тартқаны үшін жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаменті Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтардың уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметіне тыйым салынғанын еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: