Жаңалықтар тізбегі
0

Сәкен Бибосынов: Парижге алтын үшін келіп едім, бірақ қола жүлде де бұйырмады

Сәкен Бибосынов: Парижге алтын үшін келіп едім, бірақ қола жүлде де бұйырмады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2024 09:15 Сурет: olympic.kz
Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасындағы жеңілістен соң сұхбат берді, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

"Өкінішке қарай, басты қарсыласымнан жеңіліп қалдым. Осы ойындарға алтын үшін келіп едім. Бірақ қола жүлде де бұйырмады.

Шаршы алаңда барымды салдым. Бірақ төреші қолымды көтерген жоқ. Төрешілікке қатысты ештеңе айта алмаймын. Мен тек ринг ішіндегі жекпе-жекке жауап беремін.

Қазақ елінің намысын абыроймен қорғай алмадым. Қателіктер кетті. Енді осы кемшіліктермен жұмыс істейміз", - деді Бибосынов. 

Сондай-ақ, боксшы өзіне сенім артқан барша жанкүйерге алғысын айтты. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: