Сәкен Бибосынов: Париж Олимпиадасында Токиодағы қателіктерді жөндеуге тырысамын
Сурет: olympic.kz
Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Сәкен Бибосынов Италиядағы лицензиялық турнирдегі өнеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сәкен Бибосынов өз мансабындағы екінші Олимпиадасына жолдама алып отыр. Бұған дейін ол Токиодағы жазғы ойындарда қола медаль иеленген болатын.
"Менің ең басты мақсатым – ел намысын абыроймен қорғап, лицензияға қол жеткізу болатын. Мақсатыма жеткеніме қуаныштымын. Бұл – ұзын жолдың басы ғана. Алда бізді ең үлкен жауапкершілік, ең маңызды міндеттер күтіп тұр. Париж Олимпиадасында Токиодағы қателіктерді жөндеуге тырысамын. Енді жаттығуды үдете түсеміз. Ал лицензиялық турнирге келер болсақ, барлық қарсыласыма қарқынды дайындалдым. Лицензия алатыныма сенімді болдым. Жекпе-жектердің ішінде ең соңғы, шешуші кездесу сәл қиындау соқты. Десе де, жолдамаға қол жеткізсем деген ойым орындалды". Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов 51 келіде сынға түседі. 26 жастағы спортшы бокстан әлем чемпионы (2021), Токио Олимпиадасының қола жүлдегері.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript