Жаңалықтар тізбегі
0

Аяқ киім кремінің ішіне 775 келі есірткі жасырып шекарадан өтпек болған

Аяқ киім кремінің ішіне 775 келі есірткі жасырып шекарадан өтпек болған, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2024 09:47 Сурет: ҚР ҰҚК
Түркістан облысындағы бақылау-өткізу пунктінде аяқ киім кремінің ішіне 775 келі героин салып алған көлік анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ірі көлемдегі есірткіні шекара асырмақ болғандарды ұлттық қауіпсіздік қызметі ұстады. Қазақ-өзбек шекарасында табылған есірткінің "қара" нарықтағы құны 15 млн АҚШ долларынан асады.

Қылмысқа күдікті екі шетел азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

"Осы жылғы 31 мамырда Түркістан облысындағы Қонысбаев атындағы бақылау-өткізу пунктінде шекарашылар қызметтік итті пайдалана отырып, ауыр жүк көлігінде аяқ киім креміне арналған ыдыстарға жасырылған күдікті заттарды тауып, тәркіледі. Сараптама заттардың құрамында героин барын көрсетті. Оның жалпы салмағы — 775 келі. Табылған есірткінің "қара" нарықтағы құны 15 млн АҚШ долларынан көп болуы мүмкін. Осы қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр".ҚР ҰҚК ресми өкілі Аркен Абдуғали
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: