Астанада Қарқаралы тасжолының учаскесі 4 күнге жабылады
Сурет: pixabay
Астанада Қарқаралы тасжолының учаскесі 4 күнге жабылады. Қала әкімдігі тұрғындарға маршруттарын алдын ала жоспарлауды ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы "Жұлдыз" айналымынан бастап көлік айырығына дейінгі учаскесінде Қарқаралы тас жолының төсеміне үстіңгі қабатын салу жұмыстарын жүргізеді". Астана әкімдігі
Қозғалыс көрсетілген учаскеде 4-7 тамыз аралығында ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір жағымен екі бағытта да жүзеге асырылады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
