Астанада Алмалық көшесіндегі жол учаскесі бір аптаға жабылады

Жол жөндеу жұмыстары, Астана, Алмалық көшесі, 22-28 тамыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2024 20:18 Сурет: Zakon.kz
Астанада Алмалық көшесіндегі жол учаскесі бір аптаға жабылады. Бұл туралы ақпаратпен 2024 жылы 21 тамызда елорда әкімдігі бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ атап өткендей, Алмалық көшесі бойынша Бабатайұлы көшесінен Болашақ көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне жөндеу жұмыстарын жүргізіледі. 

"Осыған байланысты 22-28 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы айналып өту схемасына сәйкес іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылатын болады", делінген әкімдік хабарламасында.


Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлау алу сұралады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: