Астанада "Барыс Арена" спорт кешенінің алдындағы жол толығымен жабылады

Астанада "Барыс Арена" спорт кешенінің алдындағы жол толығымен жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2024 19:03 Сурет: Астана әкімдігінің сайты
Астанада "Барыс Арена" спорт кешенінің алдындағы жол толығымен жабылады. Автобус та жүрмейді, деп хабарлайды Zakon.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Орынбор көшесінен Бұқар Жырау көшесіне дейінгі Тұран даңғылы бойынша Барыс Арена спорт кешенінің алдындағы жергілікті жол жүрісіне орташа жөндеу жүргізеді", - деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жергілікті жол жүру учаскесі осы жылдың 7-9 тамызы аралығында толығымен жабылады.

Жол жөндеу кезеңінде The Square бизнес орталығы және "Барыс-Арена" СК" аялдамаларына қалалық қоғамдық көліктер қызмет көрсетпейді.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: