Астанада Тұран даңғылының учаскесі бойынша жол жүру жабылады
Фото: Zakon.kz
Астанада ағымдағы жылдың 22-23 тамызы аралығында Орынбор көшесінен Бұқар Жырау көшесіне дейінгі Тұран даңғылы бойынша Барыс Арена спорт кешенінің алдындағы жергілікті жол жүру учаскесі толығымен жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ ақпаратынша, аталмыш аумаққа жергілікті жол жүрісіне жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
"Жол жөндеу жұмыстары кезеңінде "The Square Бизнес-орталығы" және "Барыс-Арена СК" аялдамаларына қалалық қоғамдық көліктер қызмет көрсетпейді",- деп толықтырды ведомство.
Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлау сұралды.
Бүгін, 22 тамызда 1 қыркүйекке дейін Алматыда қанша студенттік жатақхана ашылатыны белгілі болды
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript