Жаңалықтар тізбегі
0

Елді мекендердегі автобустардың жылдамдығын төмендетуге қатысты түзетулер енгізілді

Алматыда Абай күні қалай аталып өтеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2024 09:15 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
ІІМ елді мекендердегі қоғамдық көліктердің жылдамдығына қатысты талаптарды түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 тамыз 2024 жылы ІІМ елді мекендердегі қоғамдық көліктердің жылдамдығына қатысты талаптарға түсініктеме берді. Полицейлердің мәліметінше, жол жүрісі қауіпсіздігін арттыру және елдегі жол жағдайын жақсарту мақсатында жолда жүру қағидаларына елді мекендердегі автобустардың жылдамдығын төмендетуге қатысты түзетулер енгізілді.

Бұл түзетулер ағымдағы жылдың 6 мамырынан бастап күшіне енді.

Талдау көрсеткендей, республика бойынша автобустардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының саны 56%-ға өскен.

Тек биылдың өзінде автобустардың қатысуымен болған жол апаттарында 25 адам қаза тауып, 445 адам түрлі жарақат алды.

Автобустар көлемінің үлкендігі мен жолаушылардың көп шоғырлануына байланысты басқа көліктермен салыстырғанда қауіптірек. Олардың жоғары жылдамдықпен жүруі ауыр зардапты жол апаттарына әкеп соғады, сондықтан оларға қатысты елді мекендерде жылдамдығы 50 км/сағат болуы керек деген шектеу шаралары қабылданды.

Аталған өзгерістер қоғамдық талқылаудан өтті. Яғни бұл бұйрық 2023 жылғы 30 қараша мен 14 желтоқсан аралығында "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Ашық талқылау кезінде бұйрық жобасы бойынша 100-ге жуық ұсыныс келіп түсті, олар министрлік тарапынан ескерілді. Аталған түзетулер туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпараттық агенттіктерде, телеарналарда және әлеуметтік желілерде түсініктемелер берілді.

Құрметті жол жүрісіне қатысушылар! Жол ережелерін сақтауды сұраймыз! – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: