Қазақстандықтарға бала паспортына қатысты негізгі талап түсіндірілді
Фото: Zakon.kz
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі балаға паспорт рәсімдеу тәртібіне қатысты маңызды талаптарды түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, ел тұрғындарының бірі мамандардан баланың паспортын сенімхат арқылы рәсімдеуге бола ма және оның жарамдылық мерзімі қанша уақытқа берілетіні туралы сұраған.
Мемлекеттік корпорация өкілдерінің айтуынша, бұл қызметті сенімхат арқылы алу мүмкін емес.
"Балаға паспорт рәсімдеу кезінде ата-анасының бірінің баламен бірге келуі міндетті. Қызмет сенімхат арқылы көрсетілмейді. Құжатты рәсімдеу мерзімі 15 жұмыс күніне дейін созылады. 12 жасқа дейінгі балаларға паспорт 5 жыл мерзімге, ал 12-ден 16 жасқа дейінгі балаларға 10 жыл мерзімге беріледі", – деп хабарлады ведомство.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының тұрғындарына ХҚКО-лардың жұмыс уақытының ұзартылғаны туралы ақпарат берілген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript