Көлікпен бірге мемлекеттік нөмірді сатуға бола ма: қазақстандықтарға түсіндірілді
Фото: Zakon.kz
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі автокөлікті сату кезінде мемлекеттік нөмірді не істеуге болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамандарға Қазақстан тұрғыны сауал жолдаған.
"Автокөлігімді сатқан кезде мемлекеттік нөмірімді де жаңа иесіне сата аламын ба?" – деп сұрады ол.
Мемлекеттік корпорация өкілдерінің түсіндіруінше, қарапайым мемлекеттік тіркеу нөмірін сатуға немесе автокөліктің жаңа иесінің атына қайта рәсімдеуге болмайды. Өйткені ол мемлекет меншігіне жатады.
Ал сұранысы жоғары мемлекеттік нөмірді ата-анасының, баласының немесе жұбайының атына қайта рәсімдеуге болады. Сондай-ақ мұндай нөмір мұрагерлік жолмен беріледі.
Алайда бұл ереже автокөлікті сатып алушыға қолданылмайды.
Бұған дейін қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін алу кезіндегі маңызды талап түсіндірілген еді. Толығырақ осы жерден оқуға болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript