Жаңалықтар тізбегі
0

Өрттің алдын алу және экологияға қамқорлық: Тараз қаласында алғашқы "Эко LIFE" фестивалі бастау алды

Өрттің алдын алу және экологияға қамқорлық: Тараз қаласында алғашқы "Эко LIFE" фестивалі бастау алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2024 10:21 Сурет: Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметі
Дала өрттерінің пайда болудың негізгі себебі – қураған шөптердің тұтануынан болады. Мұндай жағдайлардың алдын алу бойынша облыс жастары бастама көтеріп, республикалық "Таза Қазақстан" акциясы аясында алғашқы "Эко LIFE" фестивалін бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, Тараз қаласының "Көктем" алқабында өткен фестивальге қатысқан 300-ден астам жастар арнайы тазалық жұмыстарын жүргізіп, қураған шөптерді орып, алқапты қоқыстардан тазартты.

Өрттің алдын алу және экологияға қамқорлық: Тараз қаласында алғашқы "Эко LIFE" фестивалі бастау алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2024 10:21

Сурет: Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметі

"Біздің мақсатымыз аталған фестиваль аясында қоқыс басқан алқаптарда немесе қураған шөп басқан елді мекендерде өрттің алдын алу және жастарға тазалық басты құндылық екенін түсіндіру және оны кеңінен насихаттау. "Бұл менің қоқысым емес, бірақ менің жерім" атты сөздің мән мағынасын кеңінен ашып, жастардың өз еліне-өз жеріне деген махаббатын артыру" — дейді үздік волонтер Е.Мелдебек.
Өрттің алдын алу және экологияға қамқорлық: Тараз қаласында алғашқы "Эко LIFE" фестивалі бастау алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2024 10:21

Сурет: Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметі

Айта кету керек, аталған акция барысында барлық ауданның жастары белгіленген орындарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, эстафетаны келесі ауданға береді. Осылайша эстафета түріндегі экологиялық акция апта сайын әр ауданда өтетін болады.

Өрттің алдын алу және экологияға қамқорлық: Тараз қаласында алғашқы "Эко LIFE" фестивалі бастау алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2024 10:21

Сурет: Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметі

Өрттің алдын алу және экологияға қамқорлық: Тараз қаласында алғашқы "Эко LIFE" фестивалі бастау алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2024 10:21

Сурет: Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметі

Шара соңында 2022-2023 жылғы халықаралық үздік волонтер А.Нәмелбек және Тараз қаласының жастары эстафетаны Жамбыл ауданының жастарына жолдады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: