Қарағанды облысының прокуратурасы кәсіпкерлер үшін коммуналдық тарифтердің есебін өзгертті
Сурет: pexels
Уақтылы қадағалау шаралары мен уәкілетті органдардың қызметін үйлестірудің арқасында шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін коммуналдық қызметтерге тарифтерді есептеудің оң тәжірибесін қалыптастыруға мүмкіндік туды.
Атап айтқанда, Теміртау қаласында кәсіпкер мектептегі оқушыларды тамақтандыру конкурсында жеңімпаз атанған. Жасалған келісім аясында асхананы жәнек жабдықтар жалға алу берілген. Келісім шарттарына сәйкес коммуналдық қызметтер үшін төлемақы үй-жайдың иесі – мемлекеттік органға аударылған.
Алайда, бұл кәсіпкерді айтарлықтай негізсіз шығындарға әкелген, себебі бизнес үшін тариф 14 теңге, ал мемлекеттік органдар 90 теңге құрайды, яғни 6,5 есе көп.
"Кәсіпкерліктің мүддесін қорғау үшін прокуратура келісім-шарт талаптарын өзгертуге қол жеткізді. Енді электр энергиясы үшін төлемдер кәсіпкер орнатқан есептегіш құралдардың көрсеткіштері бойынша тікелей жеткізушілерге, ал жылу энергиясы үшін – үй-жайлардың ауданына қарай төленеді." Қарағанды облысының прокуратурасы
Бұл шаралар бір кәсіпкерге жылына 1 миллион теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript