Орталық Азия елдері мен Әзербайжан президенттері "Достық кеші" гала-концертін тамашалады

Орталық Азия елдері мен Әзербайжан президенттері "Достық кеші" гала-концертін тамашалады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2024 20:06 Сурет: akorda.kz
Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның мемлекеттер басшылары "Достық кеші" гала-концертін тамашалады, деп хабарлады Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Астанаға арнайы келген Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжан президенттерімен бірге мәртебелі меймандардың құрметіне ұйымдастырылған "Достық кеші" гала-концертін тамашалады.

Мемлекеттер басшылары "Астана опера" вестибюлінде "Шығармашылық жаңғырығы" көрмесімен танысты. Көрмеге танымал қазақстандық суретшілердің туындылары және Орталық Азия елдері бейнелеу өнері шеберлерінің еңбектері қойылған.

Концерттік бағдарлама аясында қазақ, өзбек, қырғыз, тәжік, әзербайжан халықтарының әндері мен билері орындалды.

Сурет: akorda.kz

Сондай-ақ көрермендердің назарына ұлттық музыкалық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен "Достық" дивертисменті ұсынылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: