Жапония премьер-министрі Қазақстанға келмейтін болды

Жапония премьер-министрі Қазақстанға келмейтін болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2024 10:22 Сурет: wikimedia
Жапония премьер-министрі Фумио Кишида бүгін, 9 тамызда Астанаға келмейтін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фумио Кишида жұма күні Жапониядағы жер сілкіністеріне байланысты жағдайға назар аудару үшін Орталық Азияға сапарын тоқтататынын мәлімдеді.

Мұндай шешім 8 тамыз, бейсенбі күні Миядзаки префектурасында болған күшті жер сілкінісінен кейін қабылданды. Осыдан кейін Жапонияның метеорологиялық департаменті Нанкай шұңқырында болуы мүмкін мега-жер сілкінісі және бес префектура үшін цунами қаупі туралы алғашқы ескертуін жариялады.

Сапар барысында Жапония премьер-министрі Қазақстан, Өзбекстан және Моңғолияға баруы тиіс еді. Ол Астанада "Орталық Азия + Жапония" диалогының бірінші саммитіне қатысуы керек еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: