Жапония үкіметінің басшысы Фумио Кисида қызметінен кететіні туралы мәлімдеді

Жапония үкіметінің басшысы Фумио Кисида қызметінен кететіні туралы мәлімдеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2024 09:14 Сурет: wikimedia
Жапония үкіметінің басшысы Фумио Кишида қызметтен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жапония премьер-министрі Фумио Кишида қыркүйекте Либералды-демократиялық партия басшысын сайлауға өз кандидатурасын ұсынбайды. Мұны саясаткер бүгін баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Демек жапон министрлер кабинетін жуық арада жаңа лидер басқарады, деп жазады qazaqstan.tv.

Фумио Кишида премьер-министр болып 2021 жылы тағайындалды. Оның үшжылдық мерзімі қыркүйекте аяқталады. Партияда жемқорлыққа қатысты дау туындағасын, Кишиданы халықтың қолдау рейтингі 20 пайыздан төмендеп кеткен.

"Либералды-демократиялық партияны өзгертуге бағытталған басты қадам — менің қызметтен кетуім. Алдағы сайлауға қатыспаймын. Партия лидері ретінде болған оқиға үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын. Ал жаңа премьер-министрге қолдау білдіремін." Фумио Кишида, Жапония Премьер-министрі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: