Алматыда Өтеген батыр көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады

9 тамыз сағат 23:00-ден 11 тамыз сағат 11:00-ге дейін Жұбанов көшесінен Абай даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс жабылады., сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2024 11:20 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
9 тамыз сағат 23:00-ден 11 тамыз сағат 11:00-ге дейін Жұбанов көшесінен Абай даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік бағытта Абай даңғылы, Алтынсарин және Жұбанов көшелері арқылы айналып өтуге болады. Оңтүстік бағытта Жұбанов көшесі, Алтынсарин даңғылы және Абай даңғылы арқылы айналып өтуге болады.

Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымының басшысының байланыс ақпараттары көрсетілген стендтер қойылады. Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карталары" сервистерінде жазылған.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: