Жаңалықтар тізбегі
0

Министр Маржықпаев АҚШ-тағы Олимпиада туралы: Біз бұдан да жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз

«Парижде өткен Олимпиадада Қазақстан құрамасының 78 спортшысы спорттың 25 түрінен бақ сынады. Оның 54-і Олимпиадаға төрт жылдың негізгі ойындарында бірінші рет қатысты 91 мемлекет Олимпиада жүлдегерлері атанды, келесі жазғы Олимпиада 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2024 09:36 Сурет: Сали Сабиров, Владислав Семенов
ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ел құрамасының Париждегі Олимпиада ойындарындағы нәтижелеріне тоқталды, сонымен қатар төрт жылдан кейін АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындары туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Парижде екі аптадан астам уақытқа созылған Олимпиаданың аяқталғанын тілге тиек етті.

"Екі аптадан аса уақытқа жалғасқан Париж Олимпиадасы мәресіне жетті. Төрт жылда бір келетін дүбірлі додада ел қоржынына Олимпиаданың алтыны да, күмісі де, қоласы да түсті. Осындай ауқымды спорттық іс-шарада жүлде алып, жанкүйерлерді қуанышқа бөлеген барлық спортшыны табысты нәтижесімен құттықтаймын. Әрине, спортшыларымыздың бұдан да тәуір нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндігі болды. Дегенмен, Токио Олимпиадасындағы нәтижеден сабақ алып, Парижде жетістігімізді жақсарта алдық. Төрт жылдан кейін АҚШ-та өтетін келесі Олимпиадада бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткіземіз деген сенімдемін", — деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Еске сала кетейік, төрт жылдықтың басты бәсекесінде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде олжалап, жалпыкомандалық есепте 43-орынға тұрақтады.

Ел қоржынына алтын жүлдені дзюдодан 60 кг дейінгі салмақта өнер көрсеткен Елдос Сметов салды. 2016 жылы Рио Олимпиадасында – күміс, 2021 жылы Токиода қола алған отандасымыз Парижде Олимп шыңын бағындырды. Осылайша, жерлесіміз дзюдодан Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ спортшысы атанды.

Гимнаст Нариман Құрбанов, палуан Демеу Жадыраев (77 кг) және боксшы Нұрбек Оралбай (80 кг) Олимпиаданың күміс жүлдесін олжалады. Грек-рим күресінің палуаны Демеу Жадыраев Олимпия ойындары тарихында араға 20 жыл салып осы спорт түрінен финалда белдесті. Ал Нариман Қазақстан гимнастика тарихында Олимпиадада медаль алған тұңғыш спортшы атағына ие болды. Нұрбек Оралбай бокстан Олимпиада тарихындағы 26-шы жүлдені ел қоржынына салды.

Ал Ислам Сәтпаев пен Александр Ле (нысана көздеуден аралас жұптық сын), дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) және боксшы Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

"Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасының 78 атлеті 25 спорт түрінен сынға түсті. Соның ішінде 54-і алғаш рет Олимпиадаға қатысты. Сонымен қатар Париждегі дүбірлі додада жалпы 91 елдің спортшысы жүлдегерлер қатарынан көрінді. Айта кетейік, келесі жазғы Олимпия ойындары 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді." Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: