Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды облысында ірі компанияға 313,9 миллион теңге айыппұл салынды

Қарағанды облысында ірі компанияға 313,9 миллион теңге айыппұл салынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 10:21 Сурет: Zakon.kz
Қарқаралы ауданының прокуратурасы тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша экологиялық заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді.

"Алтай Полиметаллы" ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) сарқынды суларды ашық жерге ағызатыны анықталды.

Тексеру өткізу үшін аудан прокуроры облыстық Экология департаментіне талап жолдады. Нәтижелер кәсіпорынның Экологиялық кодекс нормаларын бұза отырып, мемлекеттік экологиялық сараптамасыз және қалдықтарды қоршаған ортаға шығаруға рұқсатсыз жұмыс істегенін көрсетті.

"Қарқаралы аудандық соты компанияны кінәлі деп танып, оған ҚР ӘҚБтК-нің 332-бабының 1-бөлігі және 328-бабының 1-бөлігі бойынша 313,9 млн теңге айыппұл салды." Қарағанды ​​облысының прокуратурасы

Сонымен қатар, сот орындаушысы Серіктестіктің ағынды суларды биологиялық тазарту кешенінің жұмысын бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатты.

Прокуратура мен уәкілетті органдардың үйлестірілген жұмысының арқасында заң бұзушылықтар тоқтатылды. Әкімшілік айыппұл өндірілді, компания орын алған бұзушылықтарды жою шараларын қабылдауда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: