Қазақстанда қандай өнімдер арзандады
ӘМАТ тауарларына енетін өнімдердің басым бөлігінің бағасы былтырға қарағанда арзандаған.
Сұйық май: елде жыл басынан сұйық майдың бағасы 15% арзандаған. Былтыр тамызда сұйық майдың 1 литрі 781 теңге болған болса, биыл бұл баға 626 теңгеге дейін арзандаған.
Пияз: еияз бағасы былтыр 177 теңге болса, биыл дүкен сөрелеріне 129 теңгеден сатылуда.
Қырыққабат: еырыққабат осыдан 1 жыл бұрын 159 теңгеден сатылған болса, қазір республика бойынша орташа бағасы 124 теңгені құрап тұр.
Қант: былтыр қанттың 1 келісі 434 теңгеге дейін жетсе, қазір оның бағасы 415 теңгеге арзандаған.
Сәбіз: сәбіздің келісі бір жыл бұрын 198 теңгеден саудаланса, биыл 188 теңгені құрап отыр.
Қарақұмық жармасы: қарақұмық жармасының құны тура 1 жыл бұрын 338 теңге болса, қазір республика бойынша орташа баға 222 теңгеге арзандаған.
Бидай ұны: бірінші сорт бидай ұнының 1 келісі 2023 жылдың тамызында 232 теңге тұрса, биыл 228 теңгеге түскен.
1 жыл ішінде тұз бен рожки бағасы еш өзгеріссіз қалған.