Жаңалықтар тізбегі
0

Өзі сатып жіберген көлігінің ұрланғанын айтқан тұрғын қамауға алынды

"Көлігім ұрланды". Алматы облысының тұрғыны полицияға жалған ақпарат берген, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2024 19:52 Сурет: polisia.kz
Алматы облысында полиция көлігі ұрланғаны жайында жалған ақпарат берген күдіктіні әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері 46 жастағы Дағыстан Республикасының азаматын ұстады. Ол өзі сатқан көлігінің ұрланғаны туралы хабарлап, құқық қорғау органдарын адастыруға әрекеттенген.  

"Ер адам қымбат көлікті ұрлау туралы жалған өтінішпен жүгінді. Алайда, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінің көлікті сатып, қасақана жалған ақпарат бергенін тез арада анықтады", - дейді Талғар аудандық полициясы.

Сондай-ақ ұсталған адам бұрын Ресей Федерациясының аумағында осындай схеманы жүзеге асырғаны туралы анықталды. Ол кезде ол көлікті қасақана өртеп жіберіп, сақтандыру төлемін алған, содан кейін осыған ұқсас көлікті сатып алып, тұра сондай алаяқтық жасауды көздеп, Қазақстанға келген. 

Көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: